Жасанды интеллект • Машиналық оқыту • Нейрондық желі

Нейрондық желілерді оқытуға арналған интерактивті зертхана

Бұл платформада нейрондық желілер тек теориялық тұрғыда емес, интерактивті тәжірибелер арқылы түсіндіріледі. Пайдаланушы нейрондардың өзара байланысын, деректердің өңделу кезеңдерін, салмақтар мен белсендіру функцияларының нәтижеге әсерін және модельдің шешім қабылдау механизмін көрнекі түрде бақылай алады.

Платформада нейрондық желілердің жұмысын зерттеуге арналған симуляторлар, цифрларды тану, суреттерді өңдеу, дыбысты мәтінге түрлендіру, эмоцияларды анықтау, AI арқылы сурет генерациясы мен видео генерациясын түсіндіретін оқу құралдары ұсынылған.

1. Кіріс
Сурет, дыбыс, сан, ауа райы немесе денсаулық дерегі беріледі.
2. Өңдеу
Нейрон салмақ, bias және activation арқылы ақпаратты түрлендіреді.
3. Шешім
Модель нәтиже шығарып, неге солай шешкенін түсіндіреді.

Таныстыру видеосы

Нейрондық желіні түсіну картасы

Ақпарат қалай жүреді?
Ақпарат қалай жүреді?
Дерек кіріс қабатынан жасырын қабаттарға өтіп, соңында шешімге айналады.
Қайда қолданылады?
Қайда қолданылады?
Нейрондық желілер медицинада, камерада, дыбыста, өндірісте және білім беруде қолданылады.